Жетісу облысының әдістемелік орталығы мен «Алматыкітап» баспасының мамандары бірлесіп, «TopIQ цифрлық білім беру платформасы: TopIQ-Mobile Box электронды оқулықтар станциясының мүмкіндіктері» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді. Шараға орта білім беру ұйымдарының басшылары мен аудандық, қалалық әдістемелік орталықтарының әдіскерлері қатысып, мобильді станцияның техникалық мүмкіндіктері мен электронды оқулықтарды тиімді пайдалану жолдары көрсетілді.
Талдықорған қаласы Қ.Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп-лицейі базасында «Жасанды интеллект дәуіріндегі математика мен информатика. Бүгінгі білім – ертеңгі мүмкіндік» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Шара барысында «Qaz Robotek», «Ozyk Urpaq» жобалары мен Sumo робот жарысы таныстырылды. Оқу үдерісін даралау, бағалауды оңтайландыру және уақытты тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды.
Талдықорған, Текелі қалалары мен Қаратал ауданының және облыстық білім беру мекемелерінің басшылары мен орынбасарларына арналған «eData.kz» жасанды интеллект платформасын пайдалану бойынша оқыту семинары өткізілді. Шара барысында заманауи ЖИ технологияларын оқу процесіне енгізу, «eData.kz» платформасының мүмкіндіктері, білім беруді басқаруды цифрландыру мәселелері талқыланды.
«Алматыкітап» баспасы TopIQ.kz білім беру платформасын белсенді қолданып, цифрлық білім беру технологияларына қызығушылық танытқан Жетісу облысының шалғай аймақтарында орналасқан 41 шағын жинақты мектебіне «TopIQ-Mobil Box» мобильді білім беру станцияларын табыстады. Естеріңізге сала кетейік, «TopIQ-Mobil Box» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған елді цифрландыру бастамасын қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Бастаманың негізгі мақсаты — заманауи білім беру…
Солтүстік Қазақстан облысы Әдістемелік орталығы мен «SOLTUSTIK GEOUSTAZ» облыстық география мұғалімдері ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған халықаралық онлайн – конференциясына облыстық әдістемелік орталық әдіскерлері Ғ.Дихамбаев пен Ә.Әуезова қатысып, «Жетісудағы Шоқан ізімен» атымен өткен ғылыми-танымдық экспедиция нәтижесімен таныстырды.
