«Алматыкітап» баспасы TopIQ.kz білім беру платформасын белсенді қолданып, цифрлық білім беру технологияларына қызығушылық танытқан Жетісу облысының шалғай аймақтарында орналасқан 41 шағын жинақты мектебіне «TopIQ-Mobil Box» мобильді білім беру станцияларын табыстады.
Естеріңізге сала кетейік, «TopIQ-Mobil Box» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған елді цифрландыру бастамасын қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Бастаманың негізгі мақсаты — заманауи білім беру технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру.
Білім алушыларымызға оқуда жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
