Талдықорған қаласы Қ.Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп-лицейі базасында «Жасанды интеллект дәуіріндегі математика мен информатика. Бүгінгі білім – ертеңгі мүмкіндік» тақырыбында іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Шара барысында «Qaz Robotek», «Ozyk Urpaq» жобалары мен Sumo робот жарысы таныстырылды. Оқу үдерісін даралау, бағалауды оңтайландыру және уақытты тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды.
