Кербұлақ ауданында информатика пәні мұғалімдеріне арналған «SMART SPACE: ЖИ және заманауи пән кабинеттері» атты облыстық оқыту семинары өтті.
Іс-шара барысында жаңа үлгідегі модификациялық пән кабинеттерінің ерекшеліктері таныстырылып, заманауи құрылғыларды сабақта қолданудың тиімді тәсілдері талқыланды.
Семинар педагогтер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісінде тиімді қолданудың маңызын айқындады.
