Облыстың география пәні педагогтерінің туристік-өлкетанушылық бағыттағы далалық зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру тәжірибесін жетілдіру және өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатында «Ескелді ауданының киелі жерлері, туристік және өнеркәсіптік нысандарында далалық зерттеу әдістерін жүргізу» тақырыбында облыстық далалық семинар өтті.
Семинар барысында география пәнін оқытуда өлкетану материалдарын тиімді пайдалану, далалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері мен тәжірибелері талқыланды.
