«Digital Teacher – Smart AI» жобасы аясында «Жасанды интеллект (AI) құралдарын информатика сабақтарында тиімді пайдалану» атты оқыту семинары өтті.
Мақсаты информатика пәні мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін арттыруға ықпал етіп, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне тиімді кіріктіруде әдістемелік қолдау көрсету.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын сабақта қолдану тәсілдерімен танысып, заманауи цифрлық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді.
Іс-шараға орта білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдері қатысты.
