І.Жансүгіров атындағы Жетысу университетінің Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасымен ынтымақтастық аясында «Проблемы преподавания русского языка и литературы в средней школе. Соответствие содержания ОП кафедры РЯЛ типовым образовательным программам средней школы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында облысымыздың жетекші орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жоғары оқу орнының оқытушыларымен бірге мектептегі жұмыс барысында жас мамандар кездесетін мәселелерді, сондай-ақ студенттердің практикалық-бағдарлы даярлығын күшейтуге қатысты ұсыныстарды талқылады.
