«Digital Teacher – Smart AI» жобасы аясында «Жасанды интеллект – заманауи химия сабағының құралы» атты оқыту семинары.
Шараға Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласының химия пәні мұғалімдері қатысып, жасанды интеллект технологияларын сабақта қолдану тәсілдерімен танысып, заманауи цифрлық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді.
