«Табысты басшы» жобасы аясында шығармашылықпен жұмыс жасайтын мектеп басшыларын анықтау, қолдау, мадақтау және білім беру ұйымының жас менеджерлерін насихаттау мақсатында жалпы орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Жас менеджер» облыстық байқауы өтті. Облыстық байқауға жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарынан 10 мектеп басшысы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен, «Табысты білім беру ұйымының жас менеджері» «Шағын жинақты мектептің табысты жас менеджері» номинацияларымен, қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
