Жетісу облыстық білім басқармасы 2023 жылдың 28 қыркүйегінде облыс Әкімінің қолдауымен «Жетісу ұстазы» байқауының облыстық кезеңін өткізді. Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, әдістемелік шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін арттыратын ерекше тұлғаны анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Байқаудың бірінші кезеңі Талдықорған қаласы, №14 орта мектеп-гимназиясы базасында…
