Рубрика: ЖАҢАЛЫҚТАР
«Digital Teacher – Smart AI» жобасы аясында «Жасанды интеллект – заманауи химия сабағының құралы» атты оқыту семинары. Шараға Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласының химия пәні мұғалімдері қатысып, жасанды интеллект технологияларын сабақта қолдану тәсілдерімен танысып, заманауи цифрлық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді.
«Табысты басшы» жобасы аясында шығармашылықпен жұмыс жасайтын мектеп басшыларын анықтау, қолдау, мадақтау және білім беру ұйымының жас менеджерлерін насихаттау мақсатында жалпы орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Жас менеджер» облыстық байқауы өтті. Облыстық байқауға жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарынан 10 мектеп басшысы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен, «Табысты білім беру…
Жетісу облыстық әдістемелік орталығы мен Bilimclass платформасының мамандарының ұйымдастыруымен «Bilimclass электрондық журналы мен цифрлық платформаларды тиімді пайдалану: бонустық жүйенің мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті. Шараға Қаратал, Көксу, Ескелді аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының және облыстық мекемелердің директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және Bilimclass платформасына жауапты мамандары қатысты.
