Автор: admin
Жетісу облыстық білім басқармасы 2023 жылдың 28 қыркүйегінде облыс Әкімінің қолдауымен «Жетісу ұстазы» байқауының облыстық кезеңін өткізді. Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, әдістемелік шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін арттыратын ерекше тұлғаны анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Байқаудың бірінші кезеңі Талдықорған қаласы, №14 орта мектеп-гимназиясы базасында…
«Айналайын» қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығының педагогтеріне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетілді. Шара барысында орталық әдіскерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» мен мектепшілік бақылауды тиімді жоспарлау жолдары түсіндіріліп, педагог-психолог, әлеуметтік педагог және арнайы мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.
Жетісу облысы Білім басқармасының 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білімінің орнықты дамуы үшін сапалы білімінің қолжетімділігін қамтамасыз ете білетін үздік колледжді анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында 2023 жылдың 26 қыркүйегінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы — 2023» атты облыстық байқау Талдықорған индустриялық колледжінің базасында …
