Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру: қолдау қызметінің моделі және мамандар тәжірибесі» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізілді.
Тарих, химия, биология және физика пәндері мұғалімдерінің пәндік білім деңгейін анықтау және әдістемелік қолдау көрсету арқылы пәндік құзыреттіліктерін арттыру мақсатындағы облыстық «Terra Historia» («Тарих әлемі»), «Terra Chemistry» («Химия әлемі»), «Terra Biology» («Биология әлемі»), «Terra Physics» («Физика әлемі») байқауы өтті.
Жасанды интеллектіні оқу үрдісіне қолданудың тиімді жолдарымен таныстыру мақсатында ББЖМ-2025 қатысқан мектептердің география пәні педагогтеріне арналған «Географияны оқытуда жасанды интеллекті қолданудың мүмкіндіктері» тақырыбында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен бірлескен облыстық практикум-семинар өтті.
Жетісу облысының әдістемелік орталығы мен «Алматыкітап» баспасының мамандары бірлесіп, «TopIQ цифрлық білім беру платформасы: TopIQ-Mobile Box электронды оқулықтар станциясының мүмкіндіктері және LEADER TopIQ байқауының жаңа маусымы» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді. Шараға орта білім беру ұйымдарының басшылары мен аудандық, қалалық әдістемелік орталықтарының әдіскерлері қатысып, мобильді станцияның техникалық мүмкіндіктері мен электронды оқулықтарды тиімді пайдалану жолдары көрсетілді.
