«Үздіктен үйрен» жобасы аясында ББЖМ-2025 зерттеуінде география пәні бойынша оқушыларға қиындық тудырған «Географиялық карталар», «Литосфера», «Табиғи аумақтық кешендер» және «Халықтар географиясы» тақырыптары бойынша вебинар өтіп, шара барысында шебер және үздік педагогтер тәжірибе алмасты.
