Каникулдық мектеп пен «Ауыл мектебі – сапа алаңы» және «50 мектепке әдістемелік қолдау» жобаларына қатысатын мектептердің география пәні педагогтеріне «Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту тапсырмаларын оқу үрдісіне пайдалану» тақырыбында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен бірлескен облыстық семинар-практикум өтті.
«Digital Teacher – Smart AI» жобасы аясында «Жасанды интеллект — заманауи мұғалімнің құралы» атты оқыту семинары өтті. Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын сабақта қолдану тәсілдерімен танысып, заманауи цифрлық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Іс-шараға Талдықорған қаласының С.Мұратбеков атындағы №9 орта метебінің 30 педагогі қатысты.
Бүгін облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері «Жасанды интеллект – заманауи мұғалімнің құралы» атты семинарға қатысып, жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде тиімді қолдану жолдарымен танысты. Семинар барысында қатысушылар заманауи цифрлық құралдарды пайдалану дағдыларын жетілдіріп, сабақта AI технологияларын енгізудің тәжірибелік тәсілдерін талқылады. Бұл шара әдіскерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
