Бүгін облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері «Жасанды интеллект – заманауи мұғалімнің құралы» атты семинарға қатысып, жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде тиімді қолдану жолдарымен танысты.
Семинар барысында қатысушылар заманауи цифрлық құралдарды пайдалану дағдыларын жетілдіріп, сабақта AI технологияларын енгізудің тәжірибелік тәсілдерін талқылады.
Бұл шара әдіскерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға және білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
