Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жас педагогтердің қатысуымен «STEM.AI.INNOVATION» тақырыбы аясында «Жас Ұстаз – 2026» өңірлік форумы ұйымдастырылды.
Заманауи білім берудегі жаңа технологиялар, жасанды интеллект және инновациялық әдіс-тәсілдер талқыланған бұл жиын жас мамандарға жаңа идеялар мен үлкен шабыт сыйлады.
