Информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби және шығармашылық белсенділігін арттыру, сондай-ақ білім беру үдерісінде робототехниканы насихаттау мақсатында «Robotech 2026» облыстық робототехника байқауы өтті. Байқау аясында қатысушылар «Эко-Құтқарушы» тақырыбы бойынша толық автономды роботтар құрастырып, оларды лабиринт жағдайында берілген тапсырмаларды орындауға бейімдеді. Қатысушылар роботтардың мүмкіндіктерін көрсетіп, инженерлік ойлау, алгоритмдеу және бағдарламалау дағдыларын сынақтан өткізді.
