BilimClass AI компаниясы мен Жетісу облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ChatGPT Edu мүмкіндіктері мен оны білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараға Кербұлақ, Көксу, Ескелді, Қаратал аудандарының, Талдықорған қаласының және облыстық білім беру ұйымдарының директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтері мен әдіскерлері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты — қатысушыларды ChatGPT Edu платформасының функционалдық мүмкіндіктерімен таныстыру, білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді қолдану жолдарын қарастыру және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.
