Информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Python-based Olympiad Programming: олимпиадалық есептерді шешу және автоматты тексеру» тақырыбында оқыту вебинары өткізілді.
Вебинар барысында педагогтерге Python бағдарламалау тілінде олимпиадалық есептерді шешу жолдары көрсетілді. Есептерді талдау және оларды шешу алгоритмдерін құру тәсілдері қарастырылды.
Іс-шара педагогтердің бағдарламалау дағдыларын дамытуға, олимпиадалық есептерді шешу бойынша білімдерін тереңдетуге және оларға әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталды.
