Талдықорған қаласында «Digital Teacher – Smart AI» жобасы аясында «Жасанды интеллект — заманауи математика пәні мұғалімінің құралы» атты оқыту семинары өтті. Іс-шараның мақсаты – математика пәні мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін арттырып, жасанды интеллект құралдарын сабақ үдерісіне тиімді кіріктіру жолдарын көрсету.
