Жетісу облысында білім беруді цифрландыру: «Электронды журнал – байланысты жеңілдетіп, үлгерімді ашық көрсетіп, қағазбастылықты азайтады»
Жетісу облысында білім беру үдерісіне цифрлық шешімдер белсенді енгізілуде. Отандық өнім – Bilim Class электронды журналы 326 мектепте табысты жұмыс істеп, оқыту барысының ашықтығы мен мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған негізгі құралға айналды. Платформаның нақты әсерін бағалау мақсатында мұғалімдер мен ата-аналар арасында ауқымды зерттеу жүргізілді.
Мұғалімдердің пікірі: Сенімділік пен жұмыс тиімділігі
Сауалнамаға 5000-нан астам педагог қатысты. Олардың жауаптары Bilim Class-қа жоғары баға берілгенін көрсетеді:
82.9% мұғалім отандық Bilim Class платформасын қолданудың артықшылығын атап өтті. Қызмет тұрақтылығы (84.9%), техникалық қолдау сапасы (84.6%) және интерфейстің ыңғайлылығы (84.2%) өте жоғары бағаланған. 67.1% мұғалім Bilim Class-қа көшкеннен кейін жұмыстарының жақсарғанын растады.
Ата-аналардың пікірі: Қолжетімділік пен оң өзгерістер
8400-ден астам ата-ана өз тәжірибелерімен бөлісті:
77.4% отандық платформаны пайдаланудың артықшылығын атап өтті.
Жоғары бағаланған көрсеткіштер: жұмыс тұрақтылығы (75%), тегін мобильді қосымшаның болуы (74.4%) және платформаның ыңғайлылығы (73.7%).
63.1% ата-ана оқу процесімен өзара әрекеттесудің жақсарғанын растады.
76.7% Bilim Class-ты қолдануға ұсынуға дайын.
Цифрландыру үдерістерді жақсартады
Мұғалімдер мен ата-аналар бірауыздан Bilim Class сияқты электронды журналдар байланысты жеңілдетіп, оқу үлгерімін ашық көрсететінін және мұғалімдердің қағазбастылық жүктемесін азайтатын атап өтті. Бұл нәтижелер электронды журналдар мен күнделіктерді енгізу – заманауи әрі тиімді білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екенін дәлелдейді.