Жетісу облысы әдістемелік орталығы мен Bilimclass платформасы мамандарының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 23 сәуірінде Көксу, Қаратал, Панфилов, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласы жалпы орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілеріне «Bilimclass электрондық журналындағы жаңартулар» тақырыбында вебинар өтті.
