Жаркент жоғары педагогикалық колледжі базасында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және білім сапасын арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық тәжірибелік алаң өткізілді.
Шара барысында заманауи білім беру талаптарына сай әдістемелік жұмыс түрлерін жетілдіру, тиімді әдіс-тәсілдерді талдау және тарату, инновациялық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибемен алмасу жүзеге асырылды.
Алаң жұмысына мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының меңгерушілері, педагогтері, әдіскерлері және колледждің білім алушылары қатысты.
