Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану құзыреттіліктерін дамыту, цифрлық дағдыларды жетілдіру арқылы заманауи білім беру үдерісін интеграциялауға жағдай жасау мақсатында «ТЖКББ ұйымдарындағы педагогтердің IT құзыреттілігін дамыту» атты облыстық тәжірибелік алаң өтті.
Тәжірибелік алаңға ТжКББҰ білім беру ұйымдары басшыларының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, пәндік циклдық комиссия төрағалары мен педагогтер қатысты.
