«Арнайы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында Талдықорған қаласының облыстық №1 «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені педагогтеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Аталған шараға облыстық әдістемелік орталығы әдіскері Р. Елубайқызы, Талдықорған қаласының № 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогі Г. Өміржанова, Талдықорған қаласының облыстық №2 арнайы мектеп-интернатының сурдопедагогі З. Джакипбаева тәжірибелерімен бөлісіп, нормативтік құжаттар бойынша көмек көрсетті.
