Рубрика: ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісу облысы әдістемелік орталығы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының білім басқармалары мен әдістемелік орталықтары, Ресей Федерациясының «Красноярск балалар технопаркі «Кванториум» коммерциялық емес ұйымы және Әлихан Бөкейхан университетінің ақпараттық технологияларды дамытуға бағытталған «Abai IT-Valley» технологиялық кластерімен бірлескен «EduTech: білім берудегі STEAM» тақырыбында республикалық онлайн конференциясы өтті.
Республикалық «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында Ескелді ауданының Шестаков атындағы орта мектебінің педагогтері аталған ауданның Қаблиса жырау атындағы шағын жинақты мектептерінің физика, химия және биология пәндерінің мұғалімдеріне зертханалық жұмыстарды өткізу тәжірибесімен бөлісті. Магниттік Қоныр және Жаңалық шағын жинақты мектептері бұл сабақтарды онлайн режимде көре алды.
Облысымыздың тарих пәні мұғалімдері Панфилов ауданының ұйымдастыруымен өткен «Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбындағы облыстық семинарға қатысып, шара барысында Панфилов ауданы, Үшарал орта мектебінің мұғалімдері тарих және құқық негіздері сабақтарында оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыруда оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалану жолдарын ұсынды.
«Арнайы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында Талдықорған қаласының облыстық №1 «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені педагогтеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған шараға облыстық әдістемелік орталығы әдіскері Р. Елубайқызы, Талдықорған қаласының № 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогі Г. Өміржанова, Талдықорған қаласының облыстық №2 арнайы мектеп-интернатының сурдопедагогі З. Джакипбаева тәжірибелерімен бөлісіп, нормативтік құжаттар бойынша көмек көрсетті.
