Автор: admin
Талдықорған қаласында «Digital Teacher – Smart AI» жобасы аясында «Жасанды интеллект — заманауи математика пәні мұғалімінің құралы» атты оқыту семинары өтті. Іс-шараның мақсаты – математика пәні мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін арттырып, жасанды интеллект құралдарын сабақ үдерісіне тиімді кіріктіру жолдарын көрсету.
Тарих пәні бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді стратегияларын, әдіс-тәсілдерін, тест тапсырмаларын сараптау жолдарын және білімді жүйелеу тәсілдерін мұғалімдерге ұсыну мақсатында «ҰБТ-ға дайындық: тарих пәнінің ерекшеліктері мен дайындық әдістері» тақырыбындағы тарих пәні мүғалімдеріне арналған облыстық семинар.
Президенттің Жолдауында көрсетілген цифрландыру және білім беру сапасын арттыру міндеттерін жүзеге асыру аясында «AI Week: Колледж мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін арттырудағы жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында заманауи жасанды интеллект платформаларын білім беру үдерісіне енгізудің тиімді жолдары ұсынылды.
