«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы
«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы аясында Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі жоспарға сәйкес Алакөл, Ақсу, Көксу аудандарында зерттеу сабақтарын жүргізетін пән мұғалімдерімен байланыс орнатып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Зерттеу тобындағы мұғалімдерге сабақты бірлесіп жоспарлауда, бағалау критерийлерін, дескрипторларды құрастыруда, әдіс – тәсілдерді…
Read More “«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» жобасы” »
«Тұлпар мініп, ту алған» мәнерлеп оқу сайысы
Облыстық арнайы мектеп-интернаттар және балалар үйі тәрбиеленушілері арасында «Оқуға құштар» мектеп жобасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында облыстық «Тұлпар мініп, ту алған» мәнерлеп оқу сайысы онлайн режимінде өтті. Аталған шараға 11 тәрбиеленуші қатысты. Мақсаты: тәрбиеленушілердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудың тиімді жолдарын іздеу және оқырмандар…
«Жаңартылған бағдарлама: жаңа көзқарас, жаңа мүмкіндік» республикалық онлайн конференция
Жаңартылған бағдарлама аясында педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатында «Жаңартылған бағдарлама: жаңа көзқарас, жаңа мүмкіндік» атты республикалық онлайн конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық жұмысында «Таlаp» холдингі КЕАҚ-ның техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту департаментінің директоры Далабаев Жанат Куанышбаевич, «Өрлеу БАҰО» АҚФ Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Жаратылыстану…
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Ақордада «Тәуелсіздік құрдастары» грантын табыстау шарасына Алматы облысы Жамбыл ауданы Ә.Бейсеуов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Даулешияр Бақытәлі қатысты. Әріптесіміз «Тәуелсіздік құрдастары» грантының «Ғылым» бағыты бойынша жеңімпаз атанып, 3 000 000 теңге грант ұтып алды. Даулешияр Бақытәліні шын жүректен құттықтаймыз!
Өңіраралық вебинар
Математика, информатика пәндері педагогтерінің озық тәжірибесін тарату мақсатында «Озат ұстаз – озат тәжірибе» тақырыбында өңіраралық вебинар өтті. Вебинарда Қарасай ауданы, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының математика пәні мұғалімі Оразәлі Гулина оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдарын көрсетсе, Ақсу ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі А.Қаймұқанов педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуіне…
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік көшбасшысы» облыстық байқауы
2021 жылғы 3 желтоқсан күні Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Табысты басшы» жобасы аясында балабақша меңгерушілерінің шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында Талдықорған қаласы №28 IT мектеп-лицейі базасында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік көшбасшысы» облыстық байқауын өткізді. Байқауға 17 мектепке дейінгі ұйым басшылары қатысты. Қазылар алқасы жұмысына оқу-әдістемелік орталығының, Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ ПШО филиалы, І.Жансүгіров атындағы…
Read More “«Мектепке дейінгі ұйымның үздік көшбасшысы» облыстық байқауы” »
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу үрдісін ұйымдастыру
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мамандарына «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу үрдісін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар ұйымдастырылды. Вебинарда оқу-әдістемелік орталығы әдіскері С.Рамазанов, Сарыжаз кәсіптік – техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы А.Ақылбек, Тоқжайлау политехникалық колледжінің тарих пәні оқытушысы А.Мурзабаева, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің өндірісік оқыту шебері О. Байболатов өз тәжірибелерімен…
Read More “Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу үрдісін ұйымдастыру” »
Түсіндірме жұмыстары
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына сәйкес өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын, мектепішілік бақылауды жоспарлауда Кеген, Еңбекшіқазақ, Іле ауданының жаңадан тағайындалған мектеп басшыларына әдістемелік көмек көрсетіліп, нормативтік құқықтық құжаттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Білім алушыларда 4К, Soft skills, Hard skills, EQ дағдыларын қалыптастыру мен жетілдірудегі мектептің рөлі
«Табысты басшы» жобасын іске асыруда білім алушылардың бойындағы жаһандық дағдыларын қалыптыстыру мен дамыту бағытындағы озық тәжірибені ұсыну және мектеп директорларының тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру мақсатында 2021 жылы 03 желтоқсанда Қарасай ауданы, Абай атындағы орта мектеп гимназиясы «Білім алушыларда 4К, Soft skills, Hard skills, EQ дағдыларын қалыптастыру мен жетілдірудегі мектептің рөлі» тақырыбында семинар өткізді.
