18 МАМЫР КҮНІ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ІС САПАРМЕН ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте Панфилов ауданының педагогтерімен кездесу өткізіп, ұстаздар қауымының сұрақтары мен ұсыныстарын талқылады. Сонымен қатар Х.Хамраев атындағы орта мектебінің материалдық-техникалық базасымен танысып, дабыл түймесінің жылдамдығын тексерді. Лесновка ауылындағы Д.Рақышұлы атындағы орта мектебінің жағдайын көріп қайтты.
Семинар-практикум
«Еducation» жобасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларына колледждегі басқару, әдістеме және тәжірибе жұмыстарын тиімді ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Академиялық дербестік мүмкіндіктерінде оқу-өндіріс және оқу-әдістемелік басқару» тақырыбында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледж базасында семинар-практикум өтуде.
«Интерактивті мектеп» жобасы
Сабақты зерттеу: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа
ICILS-2023, TIMSS-2023
Облыс мектептерінде «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы өткізетін ICILS-2023 халықаралық компьютерлік және ақпараттық сауаттылық зерттеу және TIMSS-2023 халықаралық математика және жаратылыстану білім сапасын зерттеулерінің негізгі кезеңдері өтуде. Бүгінгі күнге дейін облыстың 10 мектебі қатысты.
Практика/тәжірибе
Қорытынды аттестаттау
Білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аттестаттау: мәселелер, шешу жолдары
Сабақты зерттеу (Lesson Study)
Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен бірлесіп, «Білім берудегі инновациялық менеджмент» курсынан кейінгі мектеп басшыларын әдістемелік қолдау мақсатында құрылған «Жобалық менеджмент» жобасы аясында «Сабақты зерттеу (Lesson Study) мектепішілік бақылау нысаны ретінде» тақырыбында вебинар өткізді. Аталған шарада мектепішілік бақылауда оқу-зерттеу қызметі бағытында бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша түсіндірме жүргізіп, жобаға…
