Жергілікті жердің киелі орындары мен табиғи кешендеріне далалық зерттеу әдістерін тәжірибеде қолдану мақсатында «Текелі қаласының киелі орындары мен табиғи кешендеріне далалық зерттеу әдістерін жүргізу» тақырыбында география пәні мұғалімдерінің облыстық далалық, оқу- танымдық, семинар-практикумы өтті.
2023 жылғы 01 қарашада облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтардың мәртебесін арттыру, жас мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, олардың педагогикалық қарым-қатынас кеңістігін кеңейту, мерейтойлық күнтізбеге енгізілген тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын, өлкетану жұмысын насихаттау мақсатында «Жетісу зияткерлері» атты облыстық жас мамандардың алғырлар мен тапқырлар клубы өткізілді.
Облыстық әдістемелік орталығы Жетісу облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалымен бірлесіп «1000 мектепке әдістемелік қолдау» жобасына және «ББЖМ – 2024» тізіміне енген Көксу, Қаратал, Ескелді, Кербұлақ аудандары білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне, 9 сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, биология, география пәндері…
