«TopIQ.kz – білім беруді цифрландыру драйвері» вебинарына 600-ден астам бастауыш сынып, физика, математика және информатика пәндерінің мұғалімдері қатысып, интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысты. TopIQ – әр оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес интерактивті және адаптивті оқулықтар арқылы оқытуды ұсынатын, әртүрлі жас топтарындағы оқушыларға цифрлық форматта қол жетімді оқу материалдарының кең ауқымы ұсынылған цифрлық платформа.
Каникулдық мектеп аясында педагогтерге оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді әдістерін ұсыну мақсатында математика пәні мұғалімдеріне «Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруда ТIMSS тапсырмаларын шығару жолдары» атты облыстық вебинар өткізілді. Іс-шарада Көксу ауданы М.Құрманов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі, облыстық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы Талдаубек Нұрдыбек тәжірибесімен бөлісті.
«Цифрлық платформаны сабақ барысында тиімді пайдалану мақсатында Onlinemektep.kz (twig, itest, imektep, bilimland) платформасының ерекшеліктері» атты оқыту вебинары өтті. Шара барысында педагогтер bilimland платформасының жаңадан қосылған бөлімдерімен танысып, кері байланыс алды. Вебинарға физика, математика және информатика пәндерінің 600 мұғалім қатысты.
