Көксу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласының информатика пәні мұғалімдері мен әдіскерлері Жетісу облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың наурыз-сәуір аралығында өткен «TopIQ.kz платформасындағы электрондық оқулықтарды қолдану» тақырыбындағы ашық сабақтар тізбегіне қатысты.
2024 жылдың 05 сәуірінде Талдықорған қаласындағы №17 орта мектеп базасында мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау мақсатында облыстық «Педагогикалық тандем» әдістемелік жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға облысымыздың жалпы орта білім беру ұйымдарының жас мамандары өз тәлімгерлерімен қатысып, ықшам сабақ, шебер-класс, шағын тренинг және ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымы бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды….
«Табысты мектеп» жобасы аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Табысты мектеп–сапалы білім беру кепілі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған шарада Кербұлақ ауданы, Сарыөзек орта мектебі педагогтерінің тәжірибесі таратылды.
Авторлық бағдарлама дайындау тәртібі бойынша әдістемелік көмек беру мақсатында «Табысты мектеп» жобасына тіркелген мектеп педагогтеріне «Авторлық бағдарламаны құрастырудағы басты принциптер» тақырыбында вебинар өткізілді. Аталған шарада № 20 мамандырылған лицейінің тарих пәні мұғалімі Г.Жуаспаеваның іс-тәжірибесі таратылды.
