Орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері «Алматыкітап» баспасының ұйымдастыруымен 2024-2025 оқу жылына арналған орыс тілінде оқытпайтын мектептердің 3-сыныбына арналған «Орыс тілі» оқулығының авторларымен өткен онлайн кездесуге қатысты. Шара барысында мұғалімдер баспа платформасындағы оқулықтың электронды нұсқасымен танысты.
Биология пәні мұғалімдерінің функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Оқу мақсаттары бойынша тапсырмаларды тиімді ұсыну жолдары» тақырыбында облыстық шеберлік алаң сериясы өткізілді. Шара барысында «Молекулалық биология мен биохимия» және «Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрлымы мен қызметтері. Ағза мен қоршаған орта» тақырыптарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылық тапсырмаларын құру тәсілдері ұсынылды.
