Жетісу облысының білім басқармасы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен бірлескен «Оқушылар арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын және ерте кәсіптік бағдарлауды ілгерілету жөніндегі» іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Үздік мемлекеттік қызметші» медалімен марапатталған тұлғалармен, табысты жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен құндылықтарымен таныстыру, кәсіби бағдарын қалыптастыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
