Рубрика: ЖАҢАЛЫҚТАР
Облыстық әдістемелік орталығы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында Талдықорған қаласы № 17 орта мектеп базасында облыстық «Үздік психолог» байқауын өткізді. Байқау жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алды
Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен өткен «Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық-дамытушы ортаны құру» республикалық вебинарда Қаратал ауданы, «Балбөбек» балабақшасы құзыреттілік орталығының меңгерушісі М. Наренбаева «STEAM-балабақшада заттық-дамытушы орта құрудың басты құралы» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
Талдықорған қаласының облыстық №1 «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешенінің педагогтері мен әкімшілігіне оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Шара барысында облыстық әдістемелік орталық әдіскерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» мен мектепішілік бақылауды тиімді жоспарлау жолдарын түсіндіріп, бағыт-бағдар берді.
