Рубрика: ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматыкітап баспасының Top IQ платформасына тіркелген мектептерге авторизация түрін (Логин және құпиясөз) өзгерту және жаңадан қосылған Qamqor жасанды интеллект батырмасы, ҰБТ дайындық тренажерының жұмысы бойынша түсіндірме жұмысы өтті. Шараға Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал және Кербұлақ аудандарының педагогтары қатысты.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» конкурсында 1 орын иеленген Талдықорған қаласы №1 ОПМПК тифлопедагогі Касымбекова Гаухар Сарсембековнаны құттықтаймыз!
«Отбасым-Мақтанышым» республикалық науқаны. Панфилов ауданы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектебінің ата-аналары мен оқушылары республикалық науқанға белсенді түрде қатысуда. Науқан 2024 жылдың 12 қыркүйек — 16 қыркүйек аралығында отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды қолдау арқылы мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуін нығайту, позитивті ата-ана мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында өтуде.
«943-мақсатты мектептерді дамыту» жобасы: мектептерге әдістемелік қолдау» Білім беру саласында сапалы және қолжетімді біліммен қамтамасыз ету мақсатында облысымызда «943-мақсатты мектептерді дамыту» жобасы жүзеге асуда. Жоба аясындағы шаралар оқушылардың білім деңгейін көтеруге және мектептердің жалпы көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді. Аталған бастама білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа қадам.
