Рубрика: ЖАҢАЛЫҚТАР
Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 8 қарашасында Панфилов ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде кәсіби қолдау көрсету, озық педагогикалық идеялар мен тәжірибелерді анықтау және тарату мақсатында мектеп басшыларына «Заманауи мектепті басқару: көзделген нәтижелер мен іске асыру тетіктері» тақырыбында республикалық форумы өтті. Форумның пленарлық жұмысына Қазақстан Республикасы…
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ағымдағы жылдың 31 қазан-1 қараша күндері Талдықорған қаласында педагогтардың құзыреттіліктерін арттыруда әдістемелік қолдау көрсету, озық тәжірибелерді анықтау, тарату мақсатында «Математикалық білім беру сапасын арттыру мәселелері» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық форумда Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Майра Утегенқызы Акбанбаева өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, Жетісу облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!’!Бүгін білім басқармасы басшысы М.Сүлейменов жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін К.Тоқаев ОМ директоры Ляззат Саркытбаевнаны Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министрінің Алғыс хатымен, аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Нұрзия Тұрғанбекқызын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттады.
