Рубрика: ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісу облысы білім басқармасының қолдауымен, «Спорттық бағдарламау Федерациясы» Республикалық коғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мұғалімдердің информатика пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларға деген білімін тереңдету және мұғалімдерді кәсіби бағдарламалау мәселесіне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «CPFED Uzdik IT Ustaz» турнирінің негізгі кезеңі өтіп жатыр. Еліміздің әр аумағында өткізіліп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне облысымыздан 14 мұғалім іріктеуден өтті. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырлыған «Ғұлама ғұмыр – Әлкей Марғұлан» атты облыстық семинар. Семинар жұмысына әл-Фараби атындағы Қазаұ Ұлттық университетінің Тарих, этнология және археология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Е.Ноянов, «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан ғылымы тарихы музейінің меңгерушісі Н.Дүйсембаева және…
