Рубрика: ЖАҢАЛЫҚТАР
Талдықорған қаласындағы №5 Ясли-бақшасы базасында қарым-қатынас бұзылысы бар балаларға сөйлеуді үйрету әдістерін қолдануда тәжірибе алмасу мақсатында «Jasper»-әдістемесі арқылы сөйлесуді үйрену: қарым-қатынас бұзылысы бар балаларға қалай көмектесуге болады» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымның психологі, логопеді, арнайы педагогі мен тәрбиешілерге арналған семинар өтті.
Талдықорған қаласы, №27 орта мектеп – гимназиясы базасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалымен бірлескен TIMSS тапсырмаларын ұсыну арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бастауыш сынып педагогтеріне «Математика бойынша TIMSS тест тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Жетісу облысының әдістемелік орталығы BilimClass компаниясының мамандарымен бірлесіп, «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында вебинар ұйымдастырды. Вебинарға тірек және шағын жинақты мектеп педагогтері, сондай-ақ «Цифрлық мұғалім» жобасына тартылған мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында BilimClass платформасында онлайн сабақ өткізу әдістері мен мүмкіндіктері қарастырылды.
Озық тәжірибелер арқылы педагогтердің пәндік құзыретін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында Талдықорған қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатында «Табысты оқыту — озық тәжірибелер нәтижесі» атты семинар-практикум өтті. Шара барысында Гиннесс рекордтар кітабына енген математика пәні мұғалімі Муаммер Гюль өз тәжірибесімен бөлісті.
