«EDUCATION ШЕБЕРХАНАСЫ»
«Education шеберханасы» жобасы аясында Талдықорған сервис және технология колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Колледждегі басқару, әдістеме және тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған шарада Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар және Талдықорған сервис және технология колледждері өз тәжірибелерін ортаға салды….
