Автор: admin
Шебер-класс
Тәрбие мен психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыруда шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтер командасын анықтау, қолдау көрсету мақсатында шебер-класс алаңы өткізілді. Аталған шарада Ақсу, Алакөл, Сарқан, Қаратал аудандары, Талдықорған қаласы бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы және сынып жетекшісінен құрылған белсенді топ командалары қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Ақсу, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласының белсенді…
TIMSS тапсырмалары арқылы оқушылардың жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылығын арттыру
Педагогтердің жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған халықаралық зерттеу тапсырмаларын оқу үрдісінде қолдану мақсатында «TIMSS тапсырмалары арқылы оқушылардың жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында Ақсу, Сарқан аудандарының география, физика, химия, биология пәндері мұғалімдеріне шебер-сынып алаңдары өткізілді. Шебер-сынып алаңдарында облысымыздың «Үздік педагог» конкурсының әр жылдардағы грант иегерлері Б.Молбаев, Ә.Сәулетхан, Д.Муталив тәжірибелерімен бөлісті.
EdCrunch Academy
«EdCrunch Academy» заманауи білім беруді дамыту институты мамандары «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры тарапынан мектеп басшылары мен педагогтердің жаңа білім беру технологиялары бойынша біліктіліктерін кешенді арттыру мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған Qazaqstan mektebine: Oquşy, Ustaz, Köşbasşy жобасын таныстырды.
Шебер-класс
Шебер-класс
Әдістемелік қолдау
Әдістемелік көмек
«Табысты басшы» жобасын іске асыруда мектеп директорларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 12 қаңтарында «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №…
Жаңа формация педагогі-кәсіби маман даярлаудың алғы шарттары
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтеріне оқу-тәрбие үрдісінде білім алушыларды оқыту және тәрбиелеудегі тиімді әдістерді қолдану мақсатына Талдықорған агро-техникалық колледжінің педагогтерімен тәжірибе алмасуда «Жаңа формация педагогі-кәсіби маман даярлаудың алғышарттары» атты Қысқы педагогикалық оқу-2023 өтуде.
