#Біртұтас_тәрбие
25 тамыз күні Жетісу облысы білім басқармасы мен Облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен Қаратал ауданы мен Талдықорған қаласының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арнап «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» атты семинар өтті. Шара барысында 2023-2024 оқу жылында тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен негізгі бағыттары бойынша мәселер талқыланды. #Біртұтас_тәрбие
