Талдықорған қаласы №14 орта мектеп гимназиясында «ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ:ТӘЖІРИБЕ.МӘСЕЛЕЛЕР» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Аталған шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты.
Панфилов ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде ағымдағы жылдың 17 қарашасында «Құндылықтарға негізделген білім берудегі мектеп тәжірибесі» тақырыбында мектеп директорларына арналған семинар өтті.
Ағымдағы жылдың 15-16 қарашасы күндері Алматы қаласында «Барлығына қолжетімді сапалы білім алуға қол жеткізу» тақырыбындағы EdCrunch Х жаһандық конференциясына Жетісу облысынан делегаттар қатысуда.
Ақсу, Ескелді және Көксу аудандарының информатика пәні мұғалімдеріне робототехника және Stem кабинеттерін пайдалануда әдістемелік көмек көрсетілді.
«Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңінде Жетісу облысының педагогтері Астана қаласында сабақ өткізіп, тәжірибелерімен бөлісуде.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес педагогикалық практикадан өтуге дайындық мақсатында университет базасында «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3,4 курс студенттеріне арналған оқыту семинары өткізілді.
2023 — 2026 жылдарға арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі бірлескен кешенді жоспарды құру мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен әдістемелік көмек берілді
«Жас педагог-психолог мектебі» жобасы аясында «Жасөспірімдер арасында буллинг, кибербуллинг, аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу жұмыстары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған шараға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының психологтары қатысты.
