Автор: admin
Бүгін білім басқармасы басшысы М.Сүлейменов облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Эльвира Тұрсынбекқызы Досаеваны жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттады. Эльвира Тұрсынбекқызын шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРІ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ Еліміз бойынша өткізілген «Үздік педагог-2024» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Бүгін Астанада Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы жеңімпаздарға салтанатты түрде марапаттарын табыстады. Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Естибаева Эльмира Даулетқызы өз ісінің үздігі болып танылып, «Үздік педагог-2024» төсбелгісімен марапатталды. Эльмира Даулетқызын шын…
«Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын жүзеге асыруда Кербұлақ, Көксу, Қаратал аудандары мен Текелі қаласының мақсатты мектептері және «Мектептегі PISA» зерттеуіне қатысатын мектептердің физика, биология, химия, география пәндері мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында жаратылыстану ғылымдарының жаңа талаптары мен бағыттары бойынша ұйымдастырылған «PISA 2025 жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша құзыреттер қалыптастыру» атты практикалық семинар өтті.
Алматыкітап баспасының Top IQ платформасына тіркелген мектептерге авторизация түрін (Логин және құпиясөз) өзгерту және жаңадан қосылған Qamqor жасанды интеллект батырмасы, ҰБТ дайындық тренажерының жұмысы бойынша түсіндірме жұмысы өтті. Вебинарға Талдықорған , Текелі, Көксу, Саркан, Панфилов аудандарының педагогтары қатысты
