Автор: admin
Мектеп директорлары мен директордың орынбасарларына «Мектепті дамыту жағдайында Team teaching ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Шара барысында мектеп командалары мен жоба жұмысын ұйымдастыру арқылы мектептегі өзгерістерді басқару қағидаттары, басқарушылық дағдыларды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Талдықорған қаласында «Табысты басшы» жобасы аясында мектеп директорының оқу жұмысы, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған белсенді топ шебер-класс алаңының аймақтық кезеңі өтті. Аталған шараға Көксу ауданы, Талдықорған және Текелі қалаларының белсенді топтары қатысып, нәтижесінде Көксу ауданы облыстық кезеңге жолдама алды
«943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде нысаналы мектептердің ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Талдықорған қаласы, С.Мұратбеков атындағы №9 орта мектебі тәжірибесінен «Жаратылыстану пәндерінің функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды қолдану жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Сарқан ауданында «Табысты басшы» жобасы аясында мектеп директорының оқу жұмысы, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған белсенді топ шебер-класс алаңының аймақтық кезеңі өтті. Аталған шараға Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандарының белсенді топтары қатысып, нәтижесінде Алакөл, Сарқан аудандары облыстық кезеңге жолдама алды.
Кербұлақ ауданында «Табысты басшы» жобасы аясында мектеп директорының оқу жұмысы, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған белсенді топ шебер — класс алаңының аймактық кезеңі өтті. Аталған шараға Ескелді, Панфилов, Кербұлақ аудандарының белсенді топтары катысып, натижесінде Панфилов ауданы облыстық кезеңге жолдама алды.
