Автор: admin
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, жаңашыл идеясы бар, әдістемелік шеберлігі жоғары педагогті анықтау мақсатында Талдықорған қаласындағы №17 орта мектебі базасында «Үздік орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі-2025» атты облыстық байқауы өткізілді. Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: 1 орын – И.Лих, Талдықорған қаласының №20 мамандандырылған лицейі; 2 орын – И.Комова, Көксу ауданы, Б.Құндақбаев атындағы орта…
Педагогтардың кәсіби іс-әрекетінде зерттеушілік құзыреттіліктерді дамыту арқылы шығармашылық қызметті жетілдіру жолдарын тәжірибеде көрсету мақсатында «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби әрекетіндегі зерттеушілік жұмыстарымен шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен бірлескен республикалық семинары өтті.
Ескелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті. Аталған шараға Ескелді ауданы мен Текелі қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлері, психологтері, арнайы педагогтері, логопедтері және тәрбиешілері қатысты.
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және киберқауіптердің көбеюі жағдайында, халықтың киберқауіпсіздік туралы хабардарлығы мемлекет пен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторларының біріне айналуда. Осыған байланысты, қоғамдық хабардарлықты арттыру шараларын жүзеге асырудың бір бөлігі ретінде, кең таратуға арналған бейне материалдарды жолдайды. Бұл бейнелер азаматтарға цифрлық ортада өзін және деректерін қорғауға көмектесетін киберқауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы пайдалы…
