Каникулдық мектеп аясында химия және биология пәндері мұғалімдеріне «ББЖМ-2024 нәтижелері бойынша 9 сыныпта жаратылыстану сауаттылығынан қиындық тудырған тақырыптармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері» тақырыбында вебинар өткізілді. Шара барысында «Химиялық реакциялардың заңдылықтары», «Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен функциясы», «Ағза және қоршаған орта» бөлімдері бойынша қиындық тудырған тапсырмалар талқыланды.
Каникулдық мектеп аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «ББЖМ-2024 нәтижелері бойынша 4 сыныпта оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық бойынша қиындық тудырған тақырыптармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтуде.
Каникулдық мектеп аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне «ББЖМ-2024 нәтижелері бойынша 9 сыныпта оқу сауаттылығынан қиындық тудырған тақырыптармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері» тақырыбындағы вебинарда мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты.
Каникулдық мектеп аясында информатика пәні мұғалімдеріне «Python программалау тілінен олимпиадалық есептерді шешу жолдары» тақырыбында вебинар өтті. Аталған шараға 100 педагог қатысты.
Каникулдық мектеп аясында география пәні мұғалімдеріне «ББЖМ-2024 нәтижелері бойынша 9 сыныпта жаратылыстану сауаттылығынан қиындық тудырған тақырыптармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері» тақырыбында вебинар өтті.
Каникулдық мектеп аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Особенности работы со смешанным текстом» тақырыбында вебинар өтті.
Каникулдық мектеп аясында математика пәні мұғалімдеріне «ББЖМ-2024 нәтижелері бойынша 9 сыныпта математикалық сауаттылықтан қиындық тудырған тақырыптармен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері» тақырыбында вебинар өтті.
Мектеп директорының оқу, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында вебинар өтті.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен бірлескен «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтуде.
Каникулдық мектеп аясында жалпы білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттеріне «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагог- ассистенттің сүйемелдеуі» тақырыбында вебинар өтті.